2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қала күніне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қала күніне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға қала тұрғындары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.
Салтанатты жиынды ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды Қала күнімен құттықтап, қала дамуына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады.
Сондай-ақ,  мерекелік кеш аясында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдімәжитұлы бірқатар азаматтарға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Марапатталғандардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандық иелері және зиялы қауым өкілдері бар. Аталған құрметке Аймақтық инновациялық университетінің ұстаздары, экономика ғылымдарының докторы - Шалабаев Исмаилбек Ибраевич және экономика ғылымдарының докторы, профессор -Садықов Әріпхан СалыбайұлыШымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағын алды.

Шалабаев Исмаилбек Ибраевичті және Садықов Әріпхан Салыбайұлын құрметті атағымен оқу орны басшылығы мен ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!