Студенттердің ғылыми жетістіктері – жарқын болашаққа қадам
Аймақтық инновациялық университет 2025 жылдың ақпан айында «ЖАС ҒАЛЫМ – БОЛАШАҚ ҒЫЛЫМЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Бұл іс-шара жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттыруға және болашақ ғалымдардың идеялары мен жобаларын қолдауға бағытталған. Конференцияға әртүрлі елдерден ғылыми қызметкерлер мен студенттер қатысты. Жас ғалымдар өз зерттеулері мен жаңашыл идеяларын ұсына отырып, ғылым мен техниканың дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік алды.
Бизнес және басқару кафедрасының «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Үкібай Сәкен өздерінің инновациялық жобалары мен зерттеулері арқылы ерекше аталып, марапатқа ие болды. Оның жұмысы конференцияда жоғары бағаланып, ғылыми қауымдастық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Үкібай Сәкеннің зерттеу тақырыбы мен тың ұсыныстары қатысушылар арасында зор назарға ие болып, оның болашақта ғылым мен бизнес саласында маңызды рөл атқаратынына сенім білдірілді.
ҚАБЫЛДАУ
  • Бакалавр дәрежесі
  • Онлайн білім беру
  • Бакалавриатқа түсушіге арналған нұсқаулық
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Басқару
  • Ректор блогы
  • Университет тарихы
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
  • Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік
  • Мансап орталығы
  • Жаңалықтар
© 2025 AIU
Made on
Tilda