Инженерия және мұнай-газ кафедрасының меңгерушісі

  • Гүлжамила Серікбайқызы Пошаева
    1976 жылы 10 қыркүйекте Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Қазығұрт ауданында туылған. Ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы.
    1983-1993 жылдар аралығында Қазығұрт ауданындағы «Қазанның ХХХ жылдығы» орта мектебін бітірді.
    1993 жылы Қазақ химия- технологиялық институтына оқуға түсіп, 1998 жылы Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімін химия-биология мамандығы бойынша бітірген.
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылы 23 желтоқсандағы шешімімен (№10 хаттама) Биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
    23.11.99-24.08.2005жж. №47 Т.Тәжібаев атындағы гуманитарлық мектеп-гимназиясында «Биология» пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.
    26.08.2005 – 26.08.2006жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің колледжі «Техникалық пәндер» кафедрасында оқытушысы қызметін атқарды.
    01.09.2006ж.Отырар университетінің Биология кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.
    01.09.2010ж.Отырар университетінің «БОПмӘ» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
    01.09.2012ж. Аймақтық әлеметтік- инновациялық университеті, Жаратылыстану факультетінің деканы қызметін атқарды.
    01.09.2018ж. Аймақтық әлеметтік- инновациялық университеті, Биология және химия кафедрасында меңгерушісі қызметін атқарды.
    01.09.2019ж. Аймақтық әлеметтік- инновациялық университеті, Қашықтықтан білім беру технологиясы орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.
    02.03.2019ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде "Биология" кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқаруда, университетжұмысына белсене араласады.
    11.11.2024ж. Аймақтық инновациялық университет, Инженерия және мұнай-газ кафедрасының меңгерушісі қызмететін атқаруда.
    Г.Пошаеваның 72 ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік еңбегі мен 1 монографиясы жарық көрген.
    ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен және ОҚО(қазіргі Түркістан облысы), Шымкент қаласы әкімдерінің, АӘИУ, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-і ректорларының Алғыс хаттарымен марапатталған.


ҚАБЫЛДАУ
  • Бакалавр дәрежесі
  • Онлайн білім беру
  • Бакалавриатқа түсушіге арналған нұсқаулық
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Басқару
  • Ректор блогы
  • Университет тарихы
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
  • Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік
  • Мансап орталығы
  • Жаңалықтар
© 2025 AIU