Бөлім туралы Персоналды басқару департаменті _ университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Негізгі қызметі — _мамандармен жұмыс жасау, қызметтік міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін талап ету болып табылады. Кадр саясаты бағыттары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, құжат айналымын жүргізу, қызмет сапасын арттыру және ішкі үдерістерді жетілдіру.
Миссия және негізгі міндеттер Миссия: Университет қызметінің тиімділігін арттыру және сапалы әкімшілік қолдау көрсету. Негізгі міндеттер: • бөлім қызметін жоспарлау және ұйымдастыру • ішкі құжаттармен жұмыс • бөлім құзыреті шеңберіндегі процестерді үйлестіру • университет бөлімшелерімен өзара әрекеттесу
Қызмет бағыттары Алған мамандықтары мен кәсіптеріне байланысты қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру бұйрықтарын әзірлейді • Қызметкерлердің біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде кадрларды іріктеп, басшылыққа ұсынады • Университет құрылымдарындағы еңбек тәртібін нығайтуға іс-шаралар өңдеп, кадрлар тұрақсыздығының төмендеуіне, жұмыс уақытының шығынын, олардың орындалуын бақылайды. • Құрылымдық бөлімдердің мамандары мен персоналды басқару департаментінің мамандар қызметінің үйлесімділігін және әдістемелік басшылықты жүзеге асырып, құрылым басшыларының заң актілерін, Үкімет қаулыларын, университет басшысының кадр саясаты мен қызметкерлердің жұмыстары жөніндегі бұйрық пен өкімдерінің орындалуын бақылайды.