Бөлім басшысы: Оқу-әдістемелік бөлім Телефон: +7 771 882-25-55 e-mail: aae-77@mail.ru
Бөлім туралы Оқу-әдістемелік бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі қызметі — университет оқу үдерісінің әдістемелік қамсыздандырылуын бақылау және олардың білім беру стандарттарына, нұсқаулық құжаттарға сәйкестілігін қадағалау, оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және оны жүзеге асыруды бақылау, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру және оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізу мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыруға бақылау бағыттары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және құжат айналымын жүргізу, қызмет сапасын арттыру.
Миссия және негізгі міндеттер Миссия: Университет қызметінің тиімділігін арттыру және сапалы әкімшілік қолдау көрсету. Негізгі міндеттер: • бөлім қызметін жоспарлау және ұйымдастыру • ішкі құжаттармен жұмыс • бөлім құзыреті шеңберіндегі процестерді үйлестіру • құрылымдық бөлімдермен өзара әрекеттесу