Ақпараттық технологиялар бөлімі
Арман Бекболатулы
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы
Телефон: +7 776 00-715-00
e-mail: bekbolat@mail.ru
Бөлім туралы
Ақпараттық технологиялар бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі қызметі — университеттің IT-инфрақұрылымын тұрақты жұмыс жағдайында ұстау, ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу, желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқу және әкімшілік процестерді цифрландыруға техникалық қолдау көрсету. Бөлім пайдаланушыларға техникалық көмек көрсетеді, жабдықтарды жаңарту мен есепке алуды ұйымдастырады, сондай-ақ ақпараттық технологияларды дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді.

Миссия және негізгі міндеттер
Миссия:
Университеттің цифрлық экожүйесінің сенімді, қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттер:
• IT-инфрақұрылымды басқару және қолдау
• серверлер, желілер және жұмыс станцияларын сүйемелдеу
• ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
• университеттің ақпараттық жүйелерін енгізу және қолдау
• пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету

Қызмет бағыттары
• Компьютерлік техника мен желілік жабдықтарды қызмет көрсету
• Университеттің сайттары мен ақпараттық жүйелерін техникалық сүйемелдеу
• Бағдарламалық қамтамасыз ету орнату және жаңарту
• Деректердің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру
• Ақауларды жедел диагностикалау және жою

Қызметкерлер құрамы
Қалдыбаев Елдос Куванович – инженер бағдарламашы
Суюбаев Сержан Еркинович - инженер бағдарламашы
Момбаева Мақпал Қасымханқызы – оператор