«Ақпараттық-коммуникациялық технология» кафедрасының меңгерушісі Телефон: e-mail:
Кафедра туралы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасы – Аймақтық инновациялық университет Экономикалық-гуманитарлық факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және «6В06154-Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету», «6В06155-Ақпараттық жүйелер», «6В06202-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» бағыттары бойынша мамандар даярлайды. Кафедраның негізгі мақсаты — бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті мамандарды даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және үнемі жетілдіріліп отырады. Кафедра білім беру сапасын арттыруға, инновациялық ойлауды дамытуға және түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Миссия және мақсаттар Миссия: Аймақта қоғам мен бизнестің инновациялық дамуына үлес қосатын ұлттық құндылықтарды және кәсіби құзыреттіліктерді игерген жоғары білікті мамандарды даярлау. Негізгі мақсаттар: • Сапа менеджмент жүйесін жетілдіру; • Менеджмент бойынша біліктілік курстарынан өту; • Мамандандырылған аккредиттеуден өту; • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларды шет елдерге жіберу; • Білім беру бағдардамаларын жаңарту; • Жаңа білім беру бағдарламаларын ашу; • Жұмыс берушілердің өкілдерін жұмысқа тарту; • Дуальды оқыту жүйесін енгізу; • Практика базаларын көбейту; • ПОҚ біліктілігін арттыру; • Шет елден шақырылған оқытушылар санын арттыру; • Халықаралық ғылыми жобалардың санын арттыру; • Авторлық куәліктермен, патенттер санын көбейту; • Халықаралық конференциялар ұйымдастыру; • Қоғамдық, тәрбие және волонтерлік жұмыспен айналысатын білім алушылар санын көбейту; • Ынтымақтастық келісім шарттар санын көбейту; • Университеттің материалдық-техникалық базасын жаңарту; • Кітап қорының санын толықтыру.