Ғылым және инновация бөлімінің басшысы

  • Байларова Турсынай Хужахмедовна

    Ғылым және инновация бөлімінің басшысы

    1976 жылы, 12-ші сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында туған. Ұлты – қазақ. ОҚО, Шардара ауданы, Қызылқұм жалпы орта мектебін 1993 жылы бітірген.

    1993 жылы Қ.А. Иассауи атындағы ХҚТУ, Шымкент бөлімшесіне «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына 1 курсқа оқуға түсіп, 1997 жылы аталмыш университетті үздік дипломмен бітірді. 1998 жылы ХҚТУ, Шымкент бөлімшесі, «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына аға лаборант қызметіне қабылданды. 2000 жылдан оқытушы қызметін атқарды. 2007 жылда Сапа менеджменті жүйесі бөлімінің бас маманы, 2010 жылы СМЖ бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2012 жылы әдіскер, 2016 жылдан аға оқытушы қызметтерін атқарды. 2012 – 2014 жылдар аралығында АӘИУ – де магистратурада оқып, «магистр» академиялық дәрежесін алды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін  АӘИУ – де ЖООКБ бөлімінің бас маманы, магистр аға оқытушы қызметін атқарды.

    2020 жылдан 2024 жылға дейін Шымкент университетінде оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі және оқытушы қызметін атқарды. 2024 жылдан Аймақтық инновациялық университінде қызмет атқаруда. Жұмыс өтілі – 26 жыл. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 23 жыл.

     Ғылыми еңбектері: 30 жуық мақала, 1 оқулық, 1 оқу құралы және 2 әдістемелік құрал авторы. ТМД елдерінің ғылыми оқу орындары арасында  «2-ші халықаралық кітап баспасы», «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» жобасының екінші дәрежелі дипломымен және төсбелгісімен марапатталған.

ҚАБЫЛДАУ
  • Бакалавр дәрежесі
  • Онлайн білім беру
  • Бакалавриатқа түсушіге арналған нұсқаулық
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Басқару
  • Ректор блогы
  • Университет тарихы
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
  • Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік
  • Мансап орталығы
  • Жаңалықтар
© 2025 AIU