Факультет деканы Телефон: +7-771-914-91-27 E-mail: aeg_2025@mail.ru Кабинет: 116
Бөлім туралы Қысқаша сипаттама: Экономикалық-гуманитарлық факультеті университеттің негізгі академиялық құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.
Бөлімнің негізгі қызметі - экономика, құқықтану, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, радиотехника, электроника және телекомуникациялар бағыттары бойынша білім берубағдарламаларын іске асырады. Факультет білім алушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, оқу үдерісін ұйымдастыру, оқу жоспарларын үйлестіру, білім сапасын бақылау және академиялық ұтқырлықты дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Факультет заманауи білім беру технологияларын енгізіп, еңбек нарығы талаптарына сай мамандар даярлауды қамтамасыз етеді.
Миссия және негізгі міндеттер Миссия: Бәсекеге қабілетті, кәсіби және әлеуметтік жауапты мамандар даярлау арқылы университеттің академиялық әлеуетін арттыру. Негізгі міндеттер:
• факультет қызметін жоспарлау және ұйымдастыру • оқу үдерісін үйлестіру және білім сапасын қамтамасыз ету • білім беру бағдарламаларын жетілдіру • ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын дамыту • университетбөлімшелерімен және серіктес ұйымдармен өзара әрекеттесу
Қызмет бағыттары • экономика және гуманитарлық бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру • ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру • студенттердің академиялық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету
Қызметкерлер құрамы Факультет деканы: Ахметов Серимжан Инкарбекович Факультет деканының орынбасары: Иманбердиев Сабыр Абубакирович Факультет әдіскері: Манас Ақерке Бердіярқызы Факультет әдіскері: Нуритдин Калымбет Нышаналидинұлы