Кәсіби практика және мансап бөлімінің басшысы Телефон: +7 702 757-67-07 e-mail: aydarbekovak84@mail.ru
Бөлім туралы Кәсіби практика және мансап бөлімі – білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және болашақта еңбек нарығында табысты жұмысқа орналасуына қолдау көрсететін құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлімнің негізгі мақсаты – білім алушылар мен түлектердің кәсіби дамуына жағдай жасау, жұмыс берушілермен тиімді байланыс орнату және өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыру. Бөлім білім алушылардың оқу барысында өндірістік, оқу және диплом алдындағы практикаларын ұйымдастырып, олардың кәсіпорындарда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бөлім түрлі мекемелер мен ұйымдармен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе базаларын кеңейту жұмыстарын жүргізеді.
Миссия және негізгі міндеттер Миссия: Университет қызметінің тиімділігін арттыру және сапалы әкімшілік қолдау көрсету.
Негізгі міндеттер: • бөлім қызметін жоспарлау және ұйымдастыру • ішкі құжаттармен жұмыс • бөлім құзыреті шеңберіндегі процестерді үйлестіру • университет бөлімшелерімен өзара әрекеттесу
Қызмет бағыттары • Университет пен «Мекеме» арасында Шарттар жасау • Білім алушыларды практикаға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау • Кәсіптік практика жұмыстарын жетілдіру бойынша қорытынды конферециялар ұйымдастыру және есептерін қадағалау • Дуальды оқыту бойынша мекемелер мен кәсіпорындар арасында келісім шарттарды жаңарту • Бітіруші білім алушылардың жұмыспен қамтылу туралы мәліметтерді жинақтау және мансаптық өсуіне әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру
2024-2025 оқу жылы Ұйымдастыру және қорытынды конференциясы