Экономика ғылымдарының магистрі, PhD, “Бизнес, басқару және құқық” кафедрасының меңгерушісі Телефон: +7 778 501 0105 e-mail:
Кафедра туралы «Бизнес, басқару және құқық» кафедрасы университеттің құрылымдық бөлшегі болып табылады және 6B04106 — «Экономика», 6B04107 — «Менеджмент»,6B04108 — «Есеп және аудит», 6B04109 — «Қаржы», 6B04206 — «Құқықтану» БББ бойынша мамандар даярлайды. Кафедраның негізгі мақсаты – цифрлық экономика мен жаһандану талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, қаржылық сауатты және құқықтық тұрғыдан жан-жақты даярланған мамандарды қалыптастыру. Сонымен қатар кафедра ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға, қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытуға, білім беру үдерісіне инновациялық технологиялар мен заманауи оқыту әдістерін енгізуге басымдық береді. Нәтижесінде, кәсіби шешім қабылдай алатын, сыни ойлайтын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау кафедра қызметінің басты стратегиялық бағыты болып табылады.
Миссия және мақсаттар «Бизнес, басқару және құқық» кафедрасының миссиясы – цифрлық экономика, жаһандану және тұрақты даму жағдайында экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы және құқықтану салаларында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, қаржылық сауатты және құқықтық тұрғыдан жан-жақты даярланған, жаңашыл ойлайтын әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мамандарды даярлау. Кафедра заманауи білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие, басқарушылық шешімдерді кәсіби деңгейде қабылдай алатын, қаржылық тұрғыдан сауатты және құқықтық мәдениеті қалыптасқан, дербес әрі жауапты тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат етеді.
Негізгі мақсаттар: • білім беру бағдарламаларын дамыту • ғылыми зерттеулер • халықаралық ынтымақтастық • инновацияларды енгізу