Platonus және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы
Нұрмахан Қуаныш Махсұтұлы
Бөлім басшысы: Platonus және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы
Телефон: 8 707 202 11 25
E-mail: kuanish707777@mail.ru
Кабинет: 112
Бөлім туралы
Platonus және студенттерге қызмет көрсету орталығы бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі функциялары — бөлім жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру саласындағы қызметті үйлестіру, құжаттаманы жүргізу, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және ішкі процестерді жетілдіру.

Миссия және негізгі міндеттер
Миссия:
Университет қызметінің тиімділігін арттыру және сапалы әкімшілік қолдау көрсету.
Негізгі міндеттер:
• бөлім қызметін жоспарлау және ұйымдастыру
• ішкі құжаттармен жұмыс
• бөлім құзыреті шеңберіндегі процестерді үйлестіру
• университет бөлімшелерімен өзара әрекеттесу

Қызмет бағыттары
Анықтамалар беру: оқу орнынан, әскери комиссариатқа, МӘТТЖО-ға (жәрдем ақылар үшін)
Транскрипттер: барлық оқу жылдарындағы бағалары бар үзінді көшірмелерді басып шығару және беру
Өтініштер қабылдау: академиялық демалысқа, оқу ақысына жеңілдік алуға, бір мамандықтан екіншісіне немесе басқа ЖОО-дан ауысуға
Platonus жүйесін әкімшілендіру: Бөлім қызметкерлері — Platonus жүйесіндегі деректердің негізгі «сақтаушылары». Олар ЖБББП-мен (Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы) синхрондауға жауап береді және жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қызметкерлер құрамы
Нұрмахан Қуаныш - Бөлім басшысы
Қонысова Жанна - Әдіскер