«EduCampShym» - лагері

Аймақтық инновациялық университетінде «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагері ашылды.
Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауы және Аймақтық инновациялық университетінің бастамасымен алғаш рет «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагері салтанатты түрде ашылып, 50-ге ге жуық оқушы келді.

 «EduCampShym» - бұл оқушылар мен түлектерге кәсіптер әлеміне саяхат жасап, түрлі мамандықтармен танысуға мүмкіндік беретін жоба. Лагерь аясында оқушылар университетпен, зертханалармен танысып, тәжірибелі оқытушылармен, жас мамандармен жүздесуде. Бұл – жастардың саналы таңдау жасап, болашақ мамандығына сеніммен қадам басуына берілетін тамаша мүмкіндік.