4 маусым – Рәміздер күні

4 маусым - Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Шымсити» шағынауданындағы Ту тұғыры алаңында Мемлекттік ту көтеру рәсімі мен салтанатты жиын өтті. «Мемлекттік рәміздер күніне» орай өткізілген іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ЖОО-ң басшылары мен ұстаздары және жастары қатысты.

Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке «Елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұраннның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды. Мерекелік жиында жоғары және арнаулы оқу орындарының шәкірттері, қала жастары мемлекттік рәміздерге құрмет көрсетіп, сап түзеді. Бүгінгі іс-шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде, елдігімізді танытуда бұл күннің маңызы зор болды. Көкке көтерілген туымыздың бейнесі жастар үшін мақтаныштың, еркіндіктің, елімізді сүюдің символы іспеттес.