Бірінші халықаралық жастар құқықтық форум

2025 жылғы 30–31 мамырда Ташкент қаласында өтетін Бірінші халықаралық жастар құқықтық форумына қатысуға Аймақтық инновациялық университетінің білім алуышысы Сламжан Севинч және жетекшісі Першеев Алишер Сапарбекович шақырылды. Бірінші халықаралық жастар форумы — бұл бүкіл әлемнің жастарын біріктіріп, идеялармен алмасу, мазмұнды диалог жүргізу және мәдени әртүрлілікті атап өтуге арналған жарқын платформа.


Форум аясында келесі іс-шаралар өтеді:

* Бірінші Ташкент халықаралық медиация байқауы

* Ұлттар фестивалі

* Интерактивті панельдік сессиялар

* Динамикалық пікірсайыс жарыстары


Студенттер Форумға құнды үлес қосып, осы халықаралық тәжірибеден үлкен пайда алды деп сенеміз.