Өскемен қаласында INN&SCIENCE ASIA ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған «Экономикалық Олимп» республикалық олимпиадасында Аймақтық инновациялық университетінің студенттері өз білім ордасын лайықты таныстырды. Еліміздің әр түрлі университеттерінің қатысушыларымен өткен тартысты бәсекеде біздің студенттер экономика саласындағы жоғары дайындық пен сенімді білімдерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша университет командасы өзінің жоғары академиялық деңгейі мен кәсіби құзыреттілігін растап, құрметті екінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар біздің қатысушылардың терең аналитикалық дағдыларын және берілген тапсырмаларды шешудегі дәстүрлі емес көзқарастарын атап өтті. Осындай беделді жерде жеңіске жету университеттің еліміздің ғылыми және білім кеңістігіндегі беделін нығайтады. Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз және оларға одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! «Бизнес және басқару» кафедрасының ғылыми жетекшілеріне, магистр, аға оқытушылары А.У. Сатыбалдина мен С.А.Сапарбаеваға алғысымыз жексіз!