«ЕР - ЕЛДІҢҚОРҒАНЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Аймақтық инновациялық университетінде «7 мамыр –Отан қорғаушылар күні» және «Ұлы жеңістің 80 жылдығына» орай «Ер – елдің ертеңі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге профессор-оқытушылар құрамы және ардагер ұстаздар мен студенттер қатысты. Іс-шараны Аймақтық инновациялық университетінің ректор кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы ашып,

-Ұрпаққа патриоттық сезім сыйлап, рухын оятып, жігер сыйлайтын мерекенің ұлтымыз үшін маңызы ерекше. Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған жандардың ерлігі мәңгілік жадымызда сақталады. Уақыт сынаптай сырғып, жылдар өтсе де, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын етігімен су кешкен ерлердің қадірін ұғына түсетіндейміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да күрескен жанның барлығы айрықша құрметке ие! Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түкпірінде сақтаймыз! Ұлы жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!, - деді құттықтауында.

Аймақтық инновациялық университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доценті Кистаубаев Ермахан Ибадуллаевич

-Бүгінгі ұрпақ ардақты ардагерлеріміз танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Ерлікпен жеткен Жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қалатыны сөзсіз, бүгінгі кешіміз де Ұлы Отан соғысында батырлық пен батылдықтың жан қиярлық үлгісін көрсеткен баһадүр бабаларымыздың рухына тағзым етуге бағытталған. Іс-шара баянды болсын! Ұлы Жеңіс мерекесі баршаңызға құтты болсын!, - дедімерекелік құттықтауында.

Академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты Джумадиллаева Гулжамал Нуртазақызы ер-азаматтарымыздыеліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еселі еңбектері үшін бірқатар профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік кеш қыз-келіншектердің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

ҚАБЫЛДАУ
  • Бакалавр дәрежесі
  • Онлайн білім беру
  • Бакалавриатқа түсушіге арналған нұсқаулық
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Басқару
  • Ректор блогы
  • Университет тарихы
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
  • Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік
  • Мансап орталығы
  • Жаңалықтар
© 2025 AIU