«Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжі» ұйымдастырған дәстүрлі спартакиада - 2026
«Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжі» ұйымдастырған дәстүрлі спартакиада - 2026
 
2026 жылғы 12-15 қаңтар аралығында «Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжі» ұйымдастырған дәстүрлі спартакиадаға Аймақтық инновациялық университеті де қатысты. Спартакиада колледж құрылтайшысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, п.ғ.д., профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналды. Жарыс қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық ынтымақтастық пен жолдастық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
 
Спартакиадаға «Аймақтық инновациялық университеті», «Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжі» және «Жалын» мектебі командалары қатысты. Барлық қатысушылар бірыңғай спорттық формада болып, жарыс спорт ережелеріне сәйкес өткізілді. Қатысушылар қарсыласқа сыйластық көрсетіп, төрешілердің шешімін құрметтеп, жарыс ережесін орындады.
 
Спартакиада волейбол, шахмат, үстел теннисі, баскетбол және эстафеталық ойындар бойынша ұйымдастырылды.
 
- Жеңімпаздар:
 І орын – АИУ-1 командасы
ІІ орын - «Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжінің» командасы
ІІІ орын - «Жалын» мектебі командасы
IV орын – АИУ-2 командасы
 
Сонымен қатар, жекелеген спорт түрлері бойынша үздік спортшылар арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
 
Бұл дәстүрлі спартакиада бірнеше күн бойы өткізіліп, қатысушылар арасындағы спорттық қызығушылықты арттыруға, командалық рухты күшейтуге және салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты. Осы дәстүрлі спартакиада қатысушыларға спорттық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, командалық рухты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау ісінде маңызды рөл атқарды.

СТУДЕНТТЕР ҮШІН
БАЙЛАНЫС
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 27/2 үй
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ

ҚАБЫЛДАУ