AIU студенттері халықаралық олимпиадада жүлделі II орын иеленді
AIU студенттері халықаралық олимпиадада жүлделі II орын иеленді
Аймақтық инновациялық университетінің студенттері Қырғыз Республикасының Бишкек қаласында өткен
VI Халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік менеджмент олимпиадасында** жүлделі II орын иеленді.
Аталған олимпиада — студенттердің кәсіби білімін, басқарушылық қабілеттерін және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған беделді халықаралық алаңдардың бірі. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысып, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды .
Олимпиада барысында қатысушылар өздерінің теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар талдау, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде AIU студенттері жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп, жүлделі орынға ие болды.
Бұл жетістік — студенттердің еңбегі мен университеттің сапалы білім беру жүйесінің нәтижесі.

СТУДЕНТТЕР ҮШІН
БАЙЛАНЫС
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 27/2 үй
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ

ҚАБЫЛДАУ