Аймақтық Инновациялық университетінде түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті
Биыл да Аймақтық Инновациялық университеті білім ордасының қабырғасында білім алып, өз мамандықтары бойынша оқуын толық аяқтаған түлектерін салтанатты жағдайда шығарып салды. Университет актілер залында өткен іс-шараға оқу орнының ректораты, профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік қызметкерлері, түлектердің ата-аналары мен туған-туыстары қатысып, олармен бірге қуанышты сәтті бөлісті.
Салтанатты жиынды университет басшылығы ашып, түлектерді білім жолындағы жауапты да қиын кезеңді абыроймен аяқтағандарымен құттықтады. Сөз кезегінде оқытушылар мен әкімшілік өкілдері жас мамандарға ізгі тілектерін жеткізіп, олардың алдағы кәсіби өмірде табысқа жетуіне сенім білдірді. Түлектердің өздері де университетке, ұстаздарына алғыс сөздерін арнап, студенттік жылдардың естен кетпес естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараның басты бөлігінде түлектерге жеке-жеке мемлекеттік үлгідегі дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Әрбір атаулы диплом иесі сахнаға шақырылып, қошеметпен қарсы алынды. Сонымен қатар рәсім аясында әскери міндетті түлектерге тиісті әскери билеттер тапсырылды - бұл да іс-шараның маңызды әрі жауапты сәттерінің бірі болды.
Диплом тапсыру рәсімі жылы шырайлы, шаттыққа толы атмосферада өтіп, көптеген естелік суреттерге арқау болды. Университет ұжымы түлектерге алдағы уақытта таңдаған мамандықтары бойынша табысты еңбек етіп, елімізге пайдалы азамат болуды тілейді.
Аймақтық Инновациялық университеті - жыл сайын білікті мамандар даярлап, олардың кәсіби жолына сенімді қадам жасауына жағдай жасап келе жатқан жоғары оқу орны болып қала береді.
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
БАЙЛАНЫС
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 27/2 үй
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ

ҚАБЫЛДАУ