АЙМАҚТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ УНИВЕРСИТЕТІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Аймақтық инновациялық университеті мен Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінің басшылары білім, ғылым және спорт салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келді. Кездесу қорытындысы бойынша екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ресми кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы халықаралық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спорт мамандарын даярлау сапасын арттыру, ғылыми және әдістемелік тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Меморандум аясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру көзделген.

Сонымен қатар, екі университет спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік іс-шараларды бірлесіп өткізуге, спорт ғылымы мен заманауи жаттықтыру әдістемелері бағытында тәжірибе алмасуға мүдделілік білдірді.

Бұл әріптестік білім алушылар мен жас ғалымдардың кәсіби дамуына, дене шынықтыру және спорт саласына заманауи ғылыми жетістіктерді енгізуге, сондай-ақ жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аймақтық инновациялық университеті халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге, озық тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізуге және білім алушылар үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыруға ерекше мән береді.

Аймақтық инновациялық университеті мен Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті арасындағы меморандум Қазақстан мен Өзбекстанның білім, ғылым және спорт салаларындағы байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
БАЙЛАНЫС
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 27/2 үй
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ

ҚАБЫЛДАУ