АЙМАҚТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ТАШКЕНТ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Аймақтық инновациялық университеті мен Ташкент химия-технология институты арасында білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды келісімге қол жеткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша екі жоғары оқу орны арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі — «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру.
Аталған келісім білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, профессор-оқытушылар мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және академиялық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнай-газ саласының заманауи талаптарына сәйкес білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жол ашады.

Аймақтық инновациялық университеті халықаралық әріптестік аясын кеңейтуге, білім мен ғылым саласындағы озық тәжірибелерді енгізуге және білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ерекше мән береді.
Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық — Қазақстан мен Өзбекстанның білім беру және ғылыми байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам.
СТУДЕНТТЕР ҮШІН
БАЙЛАНЫС
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, 27/2 үй
УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ

ҚАБЫЛДАУ