Жаңалықтар

«Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі»

«Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі»

Отбасы күнін мерекелеу аясында өңірлік инновациялық университет қабырғасында 1 курс білім алушыларымен "Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі" атты семинар өткізілді. Семинарға Аналар кеңесінің кеңесшісі-облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтік органның өкілі Балхия Әбдіманапқызы Көмекбаева қатысты.

Балхия Әбдіманапқызы Көмекбаева сөзінде: «Адамның жақсы немесе жаман қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететін фактор-бұл отбасы. Отбасылық тәртіп, отбасылық тәрбие қиын болып көрінгеніне қарамастан, баланың жеке басының қадір – қасиеті мен ар-намысын сүю мен құрметтеуге негізделген, психологиялық-педагогикалық қолдауды, отбасы мен қоғамның мүмкіндіктерін ескере отырып және құндылықтарына сәйкес тұлғаны қорғауды және қалыптастыруды көздейтін үлкен отбасы мүшелерінің кіші мүшелерімен мақсатты өзара іс-қимылы, оның отбасы мен қоғам алдындағы маңызы әулеті, ұрпағы, ағасы, мемлекеті, отаны өте терең» .