«Инженерия және мұнай газ» кафедрасының ұйымдастыруымен офлайн және Zoom платформасында 2024 жылдың 02 қазан күні «Қазақстанның мұнай өндірісіне 125 жыл!» атты тақырыбындағы ғылыми – әдістемелік семинар өткізілді. Семинар басында кафедра меңгерушісі, PhD., аға оқытушы С.Ж. Егембердиева кафедраның құрамы туралы атап өтіп, мұнай-газ ісі бойынша мамандарды таныстырып, кафедраның ашылу тарихын атап өтті.
Семинарға университеттің ректоры, Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, Ғылым және инновация бөлімінің басшысы,баяндамашылар, кафедра ұжымы және білім алушылар қатысты. Семинарға қатысушылар Қазақстанның мұнай қорының барысы, қай жерлерде өндіріліп жатқандығы туралы атап өтті. Мұнай қоры бойынша Қазақстан қай орында тұрғандығы және қазіргі кездегі нарықтық жағдайы туралы талқылады.
Университет ректоры Е.И.Кистаубаев университет, кафедра тарихы туралы атап өтіп, семинар тақырыбы өзекті, маңызды мәселе екендігіне тоқталып кафедра ұжымына, ары қарай осындай ғылыми – семинарларды ұйымдастыра беру керектігін айтып, сәттілік тіледі.
Ғылым және инновация бөлімі