Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру - анықтамасы, принциптері
Инклюзивті білім беру - денсаулық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, жынысына, оқыту тіліне (шетелдік білім алушылар) және т.б. байланысты мүмкіндіктері шектеулі, табысты әлеуметтенуге, өзін-өзі жүзеге асыруға, жеке және кәсіби өсуге әкелетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің (бұдан әрі - ЕББ) оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бейімдеу.

Инклюзивті білім беру принциптері:
- субъект-субъектілік білім берудің тұлғалық бағдары;
- білім берудің үздіксіздігі;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар құрылымдық бөлімшелерінің оны ынталандыру мақсатында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студентпен белсенді өзара іс-қимылы;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардан психологиялық және физиологиялық -ерекшеліктерін есепке алуды қамтамасыз ету;
- әлеуметтену процесінің бұзылуын уақтылы түзету;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің кәсіби бағдары.